- Блогтар
- Омаров М.Т.
Омаров М.Т.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы
БҚДА БАНК СЕКТОРЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
2024 жылғы 13 қыркүйекте А. Ж. Бикебаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс бейнеконференция форматында өтті.
Күн тәртібінде банк қызметіндегі және басқа қаржы нарықтарындағы бәсекелестікті шектеу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан бәсекелестікке қарсы әрекеттер немесе әрекетсіздігі талқыланды.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселелер бойынша пікір алмасты. Агенттікке банктерге мемлекеттік көмек шараларына талдау жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл жағдайларын тереңірек қарау ұсынылды.
- 18.09.2024
- 61