• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова «Атамекен» ҰКП өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталовпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Келіссөздер барысында мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, еңбек ресурстарының қажеттілігін, оның ішінде жұмысшы кәсіптері бойынша болжау, «ТжКБ және ЖОО студенттерінің кәсіптік практикасын Enbek.kz арқылы ұйымдастыру» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңеске ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков, Еңбек министрлігі мен ҰКП құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Асқар Биахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын еске салды. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жұмысшы кәсіптер жылын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

«Осыған байланысты біз осы жұмысты бірлесіп үйлестіріп, орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарына қажеттіліктің болжамын айқындауға тиіспіз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек ресурстарына қажеттілік болжамын қалыптастыруға қатысады. Бұл ретте жұмыс берушілер тізбесін қалыптастыру кезінде экономиканың әрбір саласындағы белсенді кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің жалпы санының тек 5% - ы ғана ескеріледі. ҰКП-ның қолда бар әлеуетін ескере отырып, осы сауалнамалармен жұмыс берушілердің барынша көп саны, оның ішінде ірі, орта, шағын, шетелдік кәсіпорындар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпорындар қамтылғанын қалаймын. Сондай-ақ болашақта еңбек нарығы тарапынан сұранысқа ие жаңа кәсіптер бойынша кадрларға қажеттілікті ескеру қажет», – деді вице-министр.

Өз кезегінде Райымбек Баталов кеңеске қатысушыларды шағын және орта бизнеске көмек көрсетуге арналған цифрлық платформа, мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және ҰКП-ның еңбек ресурстарына қажеттілік болжамын қалыптастыруға қатысуы туралы хабардар етті.

Светлана Жақыпова нақты уақыттағы еңбек жағдайларының мониторингін қамтамасыз ететін Кәсіпорындардың цифрлық картасын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша дэшбордты және кәсіби стандарттар мен біліктіліктерді қамтитын Career.enbek.kz ұлттық біліктілік жүйесінің платформасын көрсетті.

Кеңес соңында тараптар шағын және орта бизнестің жұмыс жағдайларын жақсартуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар шеңберінде күш-жігерді біріктіруге және меморандумға қол қоюға келісті.

  • 23.09.2024
  • 124
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика