- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
ҚМА Тергеу департаментінің басшысы Саят Саукомбеков ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында генерал-майор тергеу жүргізудің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері мен оларды жүргізу тактикасы туралы айтты.
Ол сондай-ақ «Follow the money» немесе «Ақша ізін қуу» қағидаты бойынша терең талдау жүргізуді көздейтін параллельді қаржылық тергеулерді күнделікті тергеу тәжірибесіне біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында тәжірибеге бағдарланған сабақтар өткізілді, мемлекеттік қаражатты жымқыру және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша кейстер және қылмыстық істердің басқа да мысалдары қаралды.
Тыңдаушылар тергеу тәжірибесіндегі өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтар қойып, кәсіби дағдыларды арттыру бойынша жауаптар мен ұсыныстар алды.
Экономикалық тергеу қызметінің тәжірибелі қызметкерлерінің Академия тыңдаушыларымен кездесулері үнемі өтіп тұратынын, олар жас қызметкерлерді практикалық оқытуға және қызмет жағдайларына бейімдеуге бағытталғанын атап өтеміз.
- 23.09.2024
- 40