- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков «Жұлдыз» индустриялық аймағында «WAN SHENG CERAMIC» компаниясының құрылтайшысы Ху Цзяньгомен бірге керамикалық плитка өндіретін ірі инвестициялық жобаның алғашқы кезеңін іске қосуға қатысты.
Зауыттың іске қосылуы ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен, соның ішінде керамикалық плиткамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 25,5 млрд теңгені құрайды, ал аумағы 32 гектарды қамтиды. Кәсіпорында 350 жаңа жұмыс орны ашылады. Мұнда заманауи технологиялық жабдықтар орнатылған, ал өндіріс процестері жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға сай жүргізіледі.
- 27.09.2024
- 43