- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті
«Орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы» күн тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Отырыс бейнеселекторлық режимде өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, сонымен қатар комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста ТЖ, экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Казгидромет басшылары мен өкілдері сөз сөйледі. Қаралған мәселелер бойынша бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша су тасқыны кезеңіндегі ТЖ туындауын азайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау ұсынылды. Комиссия отырысының соңында хаттамалық шешім қабылданды.
- 15.02.2021
- 222