• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жолат Е.Б.
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды

Ақмола облысының Қосшы қаласында «IL-TOV» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде тауықтың төс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды.

Ақмола облысының Қосшы қаласында «IL-TOV» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде тауықтың төс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды.

Жоба «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қолдауымен іске асырылды.

Азық-түлік желісінде котлеттер, шницельдер, митболдар, стриптер мен наггетстер 100% дайын болады да, кейіннен жедел мұздатуға ұшырайды.

Шикізат ретінде жаңа зауыт бұрын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қаржыландырған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өнімдерін пайдаланады.

Зауыттың ашылуы 90 жаңа жұмыс орнын құруға және  негізінен Қосшы тұрғындарын жұмыспен қамтуға    мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өндірістік желінің қуаты жылына 3 346 тонна дайын өнімді құрайды.

Осы уақытқа дейін «IL-TOV» ЖШС өндіретін өнімге ұқсас өнім Қазақстанға көрші елдерден толықтай импортталып келгенін атап өту маңызды.

Ал, 2023 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында ҚР Президенті Қ. - Ж. Тоқаев Қазақстанның импорттық жеткізілімдерге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік беретін жергіліктендіру  үлесі жоғары өндірістерді құру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, «IL-TOV» ЖШС қазақстандық өніммен импортты толығымен алмастыруға қол жеткізіп, болашақта зауыттың өндірістік қуатын жылына 10-12 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте қызметкерлер штатын 150 жұмыс орнына дейін ұлғайту жоспарда бар.

Анықтамалық ақпарат:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту негізгі миссиясы болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан көруге болады.

  • 30.09.2024
  • 125
Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

Жолат Е.Б.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика