• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан: Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

 

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған құқық қорғау органдары мен облыстық басқарма басшылары қатысты. Маңызды жиынның күн тәртібінде үш мәселе талқыланды.

Алдымен «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету» мәселесі бойынша Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы мен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамалары тыңдалды. Комиссия мүшелері тарапынан осы бағыттағы жұмысты жандандыру, есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту жөнінде тиісті ұсыныс берілді.

Күн тәртібінде жол-көлік оқиғаларының профилакткасы және алдын алу шаралары да сарапталды. Бұл мәселе жөнінде Түркістан облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев пен Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев баяндама жасады. Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардың сапасын жақсарту, көлік жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны 19,2 пайызға төмендеген. Дегенмен, жол апаты деректері жиі тіркелуде.

 

Мәжілісте «Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы» тақырыбында да баяндамалар жасалып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. Түркістан облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев пен Түркістан облыстық білім басқармасы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ой қозғады.

Бүгінде облыстағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқда, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 83 іс-шара бекітіліп, жүзеге асырылуда. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын дамытуға бағытталған отбасы, мектеп және қоғам деңгейінде отбасылармен және жасөспірімдермен жұмыс жүруде. Проблемалық мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандар мен олардың отбасылары үшін әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын құру қолға алынған. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында барлық аудан, қала әкімдіктерінде 15 260 ата-анамен кездесу өткізілген.

Жиын қорытындысымен комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен ескертпелері хаттамаға енгізілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

 

  • 02.10.2024
  • 87
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика