• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АШМ «Е-АӨК» платформасын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде

ҚР Президенті  қарамағындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ведомство тарапынан аграрлық секторды цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«ІТ-құралдарды енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Цифрландырудың арқасында ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін арттыру, елдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін жағдай жасалуда», - деп атап өтті спикер және ҚР АШМ теңгерімінде 4 ақпараттық жүйе бар екенін айтты.

Оның ішінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі, «Ауыл аманаты» ақпараттық жүйесі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, «e-Agriculture» АӨК салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі бар.

2023 жылдан бастап АШМ 14 бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосты. Жүйеде қызмет алушылар ретінде 90 мыңнан астам пайдаланушы, 350 астам қаржы институты тіркелген. 2024 жылы ГИСС арқылы 123 мыңнан астам өтінім келіп түсті, 67 мың өтінім мақұлданды, 40 858 өтінім қаралуда.

Сүт пен ет өндірісінің құнын арзандату, сатып алынған техниканы, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тыңайтқыштар мен жоғары сапалы тұқымдарды субсидиялау аса сұранысқа ие.

АШМ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша шағын несиелендірудің ақпараттық жүйесін әзірледі. Кредиттеу процестерін автоматтандыру онлайн-режимде өтінім беруді қамтамасыз етуге, микрокредит беру процестерін жеделдетуге және оңтайландыруға, шешім қабылдауға адам факторларының қатысуын төмендетуге, сондай-ақ деректерге егжей-тегжейлі мониторинг пен талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығында қадағалануды қамтамасыз ету үшін барлық тіршілік циклін (оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін) автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру», «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесі енгізілуде, ол «егістіктен үстелге дейін» қағидаты бойынша агроөнеркәсіптік өнім өндірісі мен шығу циклін қадағалауға, өсімдік шаруашылығында өндірілетін өніммен субсидиялаудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

АӨК цифрландырудың соңғы кезеңі «Е-АӨК» платформасын енгізу болады.

Ауыл шаруашылығын цифрландыруға кешенді тәсілді қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннің бірыңғай цифрлық платформасын құру мақсатында барлық бизнес-процестерді толық автоматтандыру және цифрландыру арқылы ауыл шаруашылығы саласын цифрлық трансформациялауды жүргізу шеңберінде ауыл шаруашылығындағы барлық қолда бар ақпараттық жүйелерді біріктіру жоспарланып отыр.

  • 03.10.2024
  • 150
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика