• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы Шымкент қаласының активі және белсенді жастарымен кездесті

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында жергілікті мемлекеттік қызметшілермен және жастармен кездесулер өткізді.

Қала активімен кездесуде МҚІА төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында іске асырылып жатқан шараларға тоқталды. Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, кадрлық процестерді цифрландыру, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін оңтайландыру мәселелері айтылды.

Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті жаңғыртуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасының негізгі міндеттері және оларды жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Іссапар аясында Агенттік төрағасы білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резерві және Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесті. Ол Мемлекет басшысының биылғы жолдауындағы «мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті, үміткерлерді қызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн» деген сөзіне тоқталып, резервшілердің біліммен бірге жоғары моральдық құндылықтарды ұстануының маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Дархан Жазықбай Шымкент қаласының белсенді жастары, студенттері және жас мемлекеттік қызметші мектебінің тыңдаушыларымен кездесіп, жастардың мемлекеттік қызметке келуін ынталандыру бойынша енгізілген бастамалар жайлы баяндады.

Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жоғары оқу орнын жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен кем емес) бітірген 334 түлек аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз қабылданып, қызмет атқаруда. «eQyzmet» жүйесінде іске қосылған іріктеудің онлайн форматы үміткерлерге 24/7 және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімдігі бұл жүйеге 2023 жылы алғашқылардың бірі болып қосылды.

Кездесуге қатысушылар жастарды қолдауға бағытталған  жобаларға және жаңашылдықтарға қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын ортаға салды.

МҚІА төрағасы жергілікті «Ontustik» телеарнасының «Бүгінгі әңгіме» бағдарламасына сұхбат беріп, елімізде мемлекеттік қызметті дамытудың алдағы жоспарлары туралы айтты.

 

  • 14.10.2024
  • 49
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика