- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ
🔷 Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңдері Сырым батыр көшесімен қиылысы көлік қозғалысына ашылды.
Аталған жол арқылы қаланың солтүстік бөлігінен (Бозарық, Шымсити, Асар, Асар-2 ш/а) орталыққа тікелей қатынауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бәйдібек би – Төлеметов көшелері қиылысындағы кептелістің азаюына алып келеді.
Нысан “Шымкент Сити” шағын ауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 2,2 шақырым, 4 жолақты, аяқжол, ирригациялық арық, көше жарықшамдары, бағдаршам қарастырылған.
🔷 Өздеріңізге белгілі, Бәйдібек би даңғылы көлік ағыны жоғары магистрал көшелердің бірі. Кептелісті азайту мақсатында, Бәйдібек би даңғылына балама жол ретінде көлік қозғалысы ашылған Өтегенов көшесі арқылы енді қозғалуға мүмкіндік бар.
🔷 Айта кетейік, көше қиылыстарындағы интелектуалды көлік жүйесі ITS қосылмаған бағдаршамдарда секундомерлер кері есебі қайта орнатылуда.
- 14.10.2024
- 45