• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

Люксембург, 2024 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысының жұмысына қатысты. Келіссөздерде еуропалық делегацияны ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто бастап барды.

Ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырысының дәстүрлі күн тәртібі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық өлшемдегі екіжақты өзара іс-қимылға шолуды, сондай-ақ Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ережелері негізінде жан-жақты диалогты кеңейту жөніндегі бірлескен қадамдарды талқылауды қамтыды.

Қазақстан экономикасына инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сирек жер материалдары саласындағы ынтымақтастық, көліктік өзара байланыс және орнықты даму, энергетика, сондай-ақ өнеркәсіпті жаңғырту бөлігінде тәжірибе алмасу диалог пен өзара қызығушылықтың негізгі тақырыптарына айналды.

Еуропалық тарап ЕО-ның «Жаһандық қақпа» («Global Gateway») стратегиясы шеңберінде сараптама және инвестициялар тарту арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға жоғары мүдделілікті растады. Тараптар Азия мен Еуропа нарықтары арасындағы логистикалық және сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту үшін осы көлік дәлізінің перспективаларын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда делегациялар ТХКБ дамыту жөніндегі үйлестіру платформасының іске қосылуын құптап, нақты жобаларды тезірек іске қосу жөніндегі күш-жігерді ұштастыру қажеттігін көрсетті.

«Жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Талқылау аясында тараптар жасыл сутекті дамыту мен орнықты экономикаға көшудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан осы салада айтарлықтай әлеуетке ие бола отырып, еуропалық серіктестерді инвестициялық жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде ЕО делегациясының басшысы «Қазақстан әлемдік аренада маңыздылығы жыл сайын артып келе жатқан өңірдегі Еуроодақ үшін негізгі серіктес» деп мәлімдеді. Ол Қазақстанның тікелей инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі елеулі күш-жігерін құптады, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың тұрақтылығы мен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған инновациялық әлеуметтік-экономикалық реформаларын, оның ішінде АЭС салу мәселесі бойынша ҚР-да референдум өткізгенін атап өтті. «Жақында өткен референдум Қазақстан мен ЕО алдында энергетика және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашады», – деді П. Сийярто.

Көлік байланыстарын дамыту саласында тараптар Кеңес жұмысы шеңберінде «Әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы» деңгейлес Келісім мәтінін келісілгенін құптады. Осы тұрғыда қазақстандық СІМ басшысы Қазақстан азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету жөніндегі жұмысты жеделдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Еуропалық Одақ өкілдері Визалық режимді жеңілдету туралы келісім мен Реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөздерді дайындауды жалғастыруға бейілділігін растады.

Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, Қазақстанның ЕО-ны қоса алғанда, жаһандық нарықтарға астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту әлеуеті аталып өтті.

Мәдени-гуманитарлық бағытта қазақстандық студенттер мен ғылыми-академиялық топтар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатын ЕО-ның білім беру бағдарламалары шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы көрсетілген.

Келіссөздердің жекелеген сессиясы барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». Осы ретте Орталық Азиядағы, әсіресе Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы ағымдағы сын-тегеуріндер аясында қауіпсіздік және кооперацияны тереңдету тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ әртүрлі табиғи апаттарға әкелетін және елдер мен өңірлердің тұрақты дамуына қауіп төндіретін жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлер талқыланды. Осы тұрғыда еуропалық тарап 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізу бастамасына қызығушылық танытты.

Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен әңгімелесті, оның барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері қозғалды.

Анықтама: Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. 2023 жылы тауар айналымы 41,4 млрд АҚШ долларына жетті.

  • 16.10.2024
  • 95
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика