• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Люксембург, 2024 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургке сапары барысында Еуропалық инвестициялық банктің президенті Надия Кальвиньомен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстандағы негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Су ресурстары мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚР СІМ басшысы Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды ағынды суларды тазарту жүйелерін жаңғырту және су тасқынынан қорғау құрылыстарын салу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жеке талқыланды. «Біз еуропалық серіктестерімізді өңірдің сауда-көлік байланыстарын одан әрі дамытуға ықпал ететін стратегиялық маңызды жобаларға қатысуға шақырамыз», – деп мәлімдеді Министр.

Күн тәртібінде Қазақстанның орнықты дамуын ынталандыруға бағытталған жобаларды, оның ішінде «жасыл» технологиялар және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыру мәселесі де тұрды.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және Қазақстан үшін басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаласты.

Сонымен қатар М. Нұртілеу жетекші бельгиялық және люксембургтік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Sarens» компаниясының басшылығымен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылып, еліміздің Орта дәліздің әлеуетін дамытуға бағытталғандығы аталып өтті.

«Cargolux» компаниясының акционерлерімен кездесу барысында жүк авиатасымалдары саласындағы қазақстандық әуе айлақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге басты назар аударылды.

Сондай-ақ «SES» компаниясының басшысымен кездесу өтіп, сұхбаттастар Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерін ескере отырып, өзара тиімді кооперация туралы уағдаласты.

  • 16.10.2024
  • 97
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика