• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әдеп жөніндегі уәкілдердің кезекті республикалық форумына қатыстым

Бүгін Әдеп жөніндегі уәкілдердің кезекті республикалық форумына қатыстым. Форумның киелі Түркістан қаласында өтіп жатқаны бізді қуантады. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Бүгінгі таңда екі милионнан астам халқы бар өңірде 6 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Олардың қатарында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 19 түлегі, «Болашақ» бағдарламасының 5 түлегі, шет елдерде білім алған 64 мемлекеттік қызметші өңіріміздің дамуына қызмет етуде. Түркістан облысы әкімдігі мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру, жаңа өзгерістерді іске асыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдегі жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында кадрлық резерв іріктелді. Ең бастысы, еліміздің дамуына бей-жай қарамайтын, жұмысына жаны ашитын әділетті жастарды мемлекеттік қызметке алу. Бүгінгі таңда өңірлік кадрлық резервіне 32 мемлекеттік қызметші жасақталып, 3 резервші жоғары лауазымға тағайындалды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұл ретте 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан әдеп жөніндегі уәкілдер институты мемлекеттік қызметтің дамуына тың серпін берді. Яғни, әдеп нормалары сақталуының жауапкершілігі алғаш рет нақты лауазымға жүктелді.

Республикалық форумда қатысушылар әдеп жөніндегі уәкілдердің дербестігін күшейтуге және оларды бағалау мен бақылаудың неғұрлым тиімді тетіктерін енгізуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Осы күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен бірге  облыс активімен кездестік. Жиында МҚІА төрағасы Агенттік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндап, мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты жоспарлармен бөлісті.

🔗 Біздің міндетіміз – халыққа адал қызмет ету.

  • 18.10.2024
  • 83
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика