• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қырғызстаннан келген делегацияны Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерімен таныстырды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) өкілдіктерінің қатысуымен Қырғызстаннан келген Экономика және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Чоро Сейитов бастаған делегациямен кездесуі өтті. Кездесу барысында делегаттарға әлеуметтік-еңбек саласының отандық ақпараттық жүйелері ұсынылды, сондай-ақ ЕХӘҚМ мен БҰҰДБ бірлескен бағдарламаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық тәжірибесі талқыланды.

Светлана Жақыпова демонстрация барысында отбасының цифрлық картасы мен еңбек тәуекелдері картасының, әлеуметтік қызметтер порталының және Еңбекминінің басқа да жобаларының артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың арқасында іске асырылған соңғы жетістіктерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, қырғыз тарапының өкілдеріне Қазақстанда іске асырылған бірлескен жобалар мысалында БҰҰДБ-мен өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы кеңес берілді.

Чоро Сейитов қазақстандық тарапқа егжей-тегжейлі және пайдалы таныстырылымы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ тәжірибе алмасу бойынша да, нақты тұрғыдан да Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

 

  • 18.10.2024
  • 101
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика