• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбекминінің Қоғамдық кеңесі Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын қолдады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикадағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы ұсынылып, қолдау тапты.

Қоғамдық кеңестің жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, вице-министр Асқарбек Ертаев, аппарат басшысы Болат Төкежанов, министрдің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Захира Бегалиева, Халықты әлеуметтік қорғауды реттеу және бақылау комитетінің және Еңбекмині департаменттерінің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Светлана Жақыпова өзінің құттықтау сөзінде Қоғамдық кеңестің әлеуметтік-еңбек саласында маңызды шешімдер қабылдаудағы рөлін атап өтті.

«Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қатар әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы – бұл мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) құқықтарын қамтамасыз етуге және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды және өзекті перспективалық құжаттардың бірі», – деп атап өтті министр.

Инклюзивті саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі бағыттары туралы Асқарбек Ертаев баяндады. Ол инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері қоғамға ерекше қажеттіліктері бар адамдардың толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейтінін атап өтті.

Тұжырымдама жобасында 20 орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП құзыретін қозғайтын іс-шаралар көзделген. Жалпы 13 бағыт бойынша жұмыс көзделеді, атап айтқанда: теңдік және кемсітпеушілік, құқықтық қорғалу және сот төрелігіне қол жеткізу, жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау, инклюзивті еңбек нарығы және өндірістік орта, инклюзивті білім беру, қоғамдық-саяси өмірге тарту, кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі, мәдени өмір, бос уақыт пен спорт және басқалар», –  деді ол.

Тұжырымдама жобасын таныстыру барысында Асқарбек Ертаев адамдарды қоғамға қосу үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыс туралы айтап өтті.

«Ұлттық заңнамаға жаңа әлеуметтік-құқық қорғау моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік құқықтарды анықтау және жою тұрғысынан талдау жүргізілетін болады, арнаулы әлеуметтік қызметтерді әлеуетті алушыларды, оның ішінде мүгедектігі бар балалы отбасыларды есепке алу және мониторингтеу жөніндегі цифрлық өңірлік картаны енгізу жөніндегі жұмыс аяқталатын болады.

Орта-арнаулы және жоғары білім беру жүйесінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне арналған мамандықтар мен тиісті даярлау бағдарламалары әзірленетін болады. Бұл шаралар МБА қызметтерін көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады ол.

Бұдан басқа, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қабылдау квоталарын кезең-кезеңімен арттыру, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша квоталар енгізу жоспарланған.

МБА жұмысқа орналастыруды квоталау жүйесін жетілдіру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын осы квотаны орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі қайта қаралатын болады.

Қанаудың, зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болған мүгедектігі бар адамдардың жеке және психикалық денсаулығын қалпына келтіру мен қолдаудың жаңа хаттамаларын енгізу көзделген.

Сондай-ақ, МБА әлеуметтік оңалту және абилитация институтын одан әрі жаңғырту бойынша жұмыс жалғастырылады, мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі болу бөлімшелерінің желісін дамыту кеңейтіледі, ОТҚ-ның жекелеген түрлерін монетизациялау мәселесі пысықталатын болады.

Мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес сапалы және сертификатталған ортопедиялық аяқкиімді (түсі, мөлшері, материалы, өндірушісі және т.б.)  таңдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осы қызметті «Әлеуметтік әмиян» арқылы монетизациялау ұсынылады.

Бұдан басқа, тұжырымдама жобасы шеңберінде МБА үшін кедергісіз орта құру процестерін реттейтін қолданыстағы стандарттарды өзектендіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарлануда.

Вице-министр Асқарбек Ертаев Тұжырымдаманың жобасы мүгедектігі бар адамдардың пікірлерін ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

«Қоғам қайраткерлері мен белсенділері арасынан түрлі сарапшылар тартылды. Мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін білдіретін ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді, еліміздің түкпір-түкпірінен өкілдік сауалнама және ұсыныстар жиналды.

Осылайша, бағдарламалық құжатты әзірлеу қоғамдық пікірді барынша қамту форматында жүргізілді», – деп түйіндеді вице-министр.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын қолдады.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қоғамдық кеңестің 2 мүшесі «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14 алғыс хатымен марапатталды.

 

  • 18.10.2024
  • 104
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика