• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет қызметтің жетістіктері мен перспективалары талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Парламент Сенатының депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы, Парламентаризм институты, Ұлттық экономика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында заманауи талаптарға сай мемлекеттік қызметті одан әрі жүйелі дамыту жоспарлары, жаңа заңнамалық тетіктерді әзірлеу және енгізу мәселелері талқыланды.

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров тиімді мемлекеттік қызметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Дархан Жазықбай Президент Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттері және оларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстырды. Олар мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілетуді, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді, адам ресустарын басқару процестерін цифрландыруды қамтиды.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметте инновациялық HR құралдарын, сатылас мансаптық ілгерілету тетіктерін енгізу, мектеп және жоғары оқу орындары деңгейінде ерте кәсіптік бағдарлауды қолға алу, жауапты лауазымдарға ротацияны кеңейту, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту қарастырылатынын айтты.

«Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы «Ең алдымен адамдар» қағидасы негізінде мемлекеттік қызметті заман талабына сай жетілдіруге бағытталып отыр. Мемлекеттік қызмет әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ғана емес, ол ең алдымен мемлекеттік қызметшінің қоғам алдында жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпке бағына отырып қызмет етуі», - деді Дархан Жазықбай.

Өз кезегінде Сенат депутаттары мемлекеттік қызметті дамыту жоспарына қатысты ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара аясында депутаттарға мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берген «eQyzmet» жүйесіндегі мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін цифрландыру, кадрлық бизнес-процестерді оңтайландыру жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге арналған медиастудияның жұмысымен танысты.

  • 21.10.2024
  • 56
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика