- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫМ
Құрылыс нысанының II III V кезеңдері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұл – өте маңызды жоба. Жұмыс та ауқымды. Енді жер телімдерін тезірек мемлекет мұқтаждығына қайтарып, ірі техникалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау керек. Құрылыстың қарқынды жүруі үшін апта сайын жұмыс барысын осылай пысықтап отырамын. Стратегиялық маңызды нысанда жұмыс қарқынын күшейтіп, бір күн де жоғалтпауымыз керек.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына жұмысты жеделдету амалдарын ойластырып, бұл бағытта барлық қолайлы жағдай жасауды міндеттедім.
Екінші кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 89 учаскені алу қажет. Оның ішінде, бүгінде 16-ы қайтарылды. 41 нысан бойынша меншік иелеріне өтемақы ұсынылуда, 32 нысан бағалануда (шамамен 1,7 млрд.теңге).
- 16.02.2021
- 239