• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сақтандыру қызметін жетілдіру туралы

Агенттік «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын әзірлегені туралы хабарлайды.

Негізгі өзгерістер міндетті автокөлік сақтандыруы бойынша «бонус-малус» жүйесін жетілдіруге қатысты. Бұл жүйе клиенттің сақтандыру жағдайларының тарихына байланысты сақтандырушыға төлейтін сақтандыру құнын есептеу кезінде қолданылады. «Бонус-малус» сыныбы апатсыз жүру кезінде артады және клиенттің кінәсінен апат болған жағдайда төмендейді. Тиісінше, «бонус-малус» сыныбы неғұрлым жоғары болса, сақтандыру құны соғұрлым арзан болады. Қазіргі «бонус-малус» жүйесі Қазақстанда 2007 жылдан бері қолданыста және 15 сыныптан: 13 негізгі сынып және «0» және «М» сыныптарынан тұрады.

Агенттікпен «бонус-малус» жүйесін 15-тен 18 сыныпқа дейін кеңейту ұсынылып отыр, жаңа «М1» және «М2» сыныптары қосылады, олар жол-көлік оқиғаларына (ЖКО) жиі тап болатын жүргізушілерге қолданылатын болады. Бұл сыныптар бір жыл ішінде үш және одан да көп ЖКО жасаған жағдайда қолданылады.

Өз кезегінде, «13» сыныпта (ең жоғарғы) бес жылдан астам уақыт бойы ЖКО ұшырамаған ұқыпты жүргізушілер үшін сақтандыру құны төмендетілетін болады.

«Бонус-малус» жүйесінде сақтандыру жағдайларының санын ғана емес, келтірілген зиянның (залалдың) ауырлығын да ескеру маңызды жаңалық болып табылады. Мысалы, егер апаттан келтірілген залал
200 АЕК-тен аз болса (2024ж. 738 400 теңге) немесе ЖКО қатысушылары сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі «Еурохаттама» көмегімен ресімдеген болса (ең жоғары төлем 100 АЕК немесе 2024 жылға 369 200 теңгені құрайды), онда ЖКО-на кінәлі жүргізуші үшін сақтандыру шартын келесі рет жасасу кезінде сақтандыру құнына үстемеақы ірі залал келтірген (200 АЕК және одан жоғары) ЖКО-на кінәлі жүргізушінің үстемеақысына қарағанда аз болады.

Жаңа жүйе жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауын да ескеретін болады. Егер ЖКО жасаған жүргізушіде, мысалы, жылдамдықты 40 км/сағаттан асырғаны, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткені немесе авариялық жағдай туғызғаны үшін айыппұлдары болса, онда келесі сақтандыру келісім-шартын жасағанда оның «бонус-малус» сыныбы автоматты түрде төмендейді. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар тек сақтандыру кезеңінде яғни, жыл ішінде үш және одан да көп жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде ғана ескерілетін болады.

Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде жүргізушілерді ұқыпты жүргізуге және көлік жүргізу ережелері мен мәдениетін сақтауға ынталандыру үшін қолданылады.

Жобада «бонус-малус» жүйесін сақтандырушының немесе сақтандырылушының қатысуымен көлік құралын басқарушы жүргізушілерге, еңбек немесе өзге де келісімдер негізінде көлік басқаратын жүргізушілерге, соның ішінде каршерингті қамту ұсынылады.

Барлық ұсыныстар жүргізушілердің жекелеген сыныптары бойынша шығындылығын талдауды ескере отырып және халықаралық тәжірибені қолдана отырып дайындалған.

Жобада сондай-ақ құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша өзге де түзетулер көзделеді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің «Ашық НҚА» интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

  • 24.10.2024
  • 88
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика