• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
27 қазан – Қазақстанның Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Дәстүр бойынша қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 27 қазанға келеді. Бұл өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдаумен және қорғаумен айналысатын адамдарға арналған, олардың рөлінің маңыздылығын және әділ және гуманитарлық қоғам құруға қосқан үлестерін атап өтетін күн.

Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны
12 704 адамды құрайды, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Қазақстанда 830-ға жуық мемлекеттік ұйым АӘҚ көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар. Сондай-ақ, еліміз бойынша 184 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер 8 қызмет түрін көрсетеді, атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тағайындалады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –Еңбекмині) әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы мен мәртебесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мәселен, 2021-2024 жылдар аралығында АӘҚ көрсету орталықтарында жұмыс істейтін әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүргізілді. Нәтижесінде әрбір қызметкердің жалақысы 2 есеге өсті. Сонымен қатар әкімшілік және көмекші персонал қызметкерлерінің, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақыдан 30%-дан лауазымдық жалақыдан 40%-ға ұлғайту жолымен арттырылды.

Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде Еңбекмині мынадай бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде: АӘҚ және тариф белгілеу стандарттарын жетілдіру; арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін демонополизациялау және деинстуализациялау; әлеуметтік қызметкерлер мәртебесін арттыру.

Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қызметкерлерге жеке тарау арналғанын атап өткен жөн, онда олардың кәсіби қызметті жүзеге асырудағы құқықтары мен міндеттері, жұмыстың мәртебесі мен ерекшеліктері, Кәсіби құпия мен мінез-құлық әдебі туралы ұғымдар, кәсіби қызметті орындауға байланысты шектеулер және әлеуметтік кепілдіктер көрсетілген.

Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде орындалатын жұмыстардың кәсіби деңгейі мен күрделілігін ескере отырып, оқыту, сертификаттау және санаттар беру, сондай-ақ еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу арқылы әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыру көзделеді.

Бұдан басқа, 2025 жылдан бастап АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімін енгізу көзделген. Бұл әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген, әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпаратты қамтитын мамандардың электрондық тізімі: жеке деректер, білім, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер, аттестаттаудан өту туралы мәліметтер, жұмыс тәжірибесі және т.б. Тізілімді енгізу мүгедектігі бар адамдарға өздері үшін қажетті маманды таңдауға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – бұл әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мен құндылығын атап өтуге, әлеуметтік қызметкерлерге ерекше еңбектері үшін ризашылық пен құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін күн. Бұл мереке бізге өмірде қиын жағдайға тап болғандарға қамқорлық пен қолдау көрсету қажеттілігін және әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің маңыздылығын еске салады.

Сіздерге ерекше күтім мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың мәселелері жүктеледі. Сіздердің жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен өз істеріңізге деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге қайырымдылық пен үлкен шыдамдылықты, жанашырлықты қажет етеді. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы және табысы аз отбасылардың, жұмыссыздардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсарту жолында қосып жатқан үлестеріңіз айрықша.

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін! Қазақстанымыздың тұрақты дамуы жолында жасап жатқан жұмыстарыңыз бен болашақ бастамаларыңыз халық алдында лайықты бағалана берсін», – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.

 

  • 24.10.2024
  • 92
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика