• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Агенттік делегациясы Нью-Йоркте Kazakhstan Finance Day форумына қатысты

28 қазанда Нью-Йоркте Қазақстан Ұлттық Банкі Citigroup, Mastercard, Visa, Solidcore Resources компанияларымен және АҚШ Сауда Палатасымен серіктесе отырып, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған, шетелдік инвесторларға арналған Kazakhstan Finance Day форумы өтті.

Іс-шара Citigroup корпорациясының Нью-Йорк іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтті және Blackstone, Ashmore, JP Morgan, Cerberus, Apollo Global Management, KKR, Bloomberg және
т.б. қоса алғанда, екі елдің қаржы нарығының 450-ден астам өкілдерін біріктірді.

Форум жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан қор биржасының, Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Holding және даму институттарының өкілдері қатысты.

Kazakhstan Finance Day жаһандық қаржы нарығының қатысушылары мен әлеуетті инвесторларға Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығының дамуы, цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктер және ұлттық қаржы инфрақұрылымын дамыту басымдықтары туралы өзекті ақпаратпен танысуына мүмкіндік берді.

Форумда Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова сөз сөйледі. Реттеуші басшысы банк секторын, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын қоса алғанда, қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі, қаржылық реттеудегі негізгі реформалар және қаржы нарығын дамыту жөніндегі жаңа бастамалар туралы хабарлады.

Агенттік Төрағасы еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашуға және банктер туралы жаңа заң әзірлеуге қойылатын талаптарды ырықтандыру жөніндегі реформалар туралы да хабарлады.

Қазақстанның қаржы-технологиялық индустриясының көшбасшылары – Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Holding американдық инвесторларға банктік өнімдерді цифрландыру, банктердің мобильдік қосымшаларын, экожүйелері мен маркетплейстерін дамыту саласындағы жетістіктерін ұсынды.

Форум барысында тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша инвесторлар мен қаржы нарығына кәсіби қатысушылар үшін жеке сессиялар мен презентациялар өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар іске асырылған және жоспарланған экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Делегаттар макроэкономикалық саясаттың тиімділігін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және елдің бизнес үшін инвестициялық тартымдылығын атап өтті.

 

  • 01.11.2024
  • 111
Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика