- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚАЛА ӘКІМІ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Мегаполис басшысы қаланы аралау барысында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» филиалында болды. Бұл бірегей жоба егде жастағы адамдар арасында зор сұранысқа ие. Бүгінде Шымкентте осындай төрт орталық өнімді жұмыс істеуде.
Аға буын өкілдерімен әңгімелескен қала басшысы олардың жағдайын сұрап, ардагерлердің ұсыныс-тілектерін де тыңдады. Мұнда 100-ге жуық зейнеткер екі ауысымда арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. Орталыққа келгеннен кейін олар алғашқы медициналық тексеруден өтуі керек.
Айта кетерлігі, мұнда қариялар үшін емдік дене шынықтыру және йога кабинеттері, би және фитнес залдары бар, ағылшын және араб тілдерінде сабақтар да өткізіледі. Мекемеде білікті мамандар, дәрігерлер, психологтар жұмыс істейді.
- 01.11.2024
- 31