- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан мен Ресей 2021 жылы тауар айналымының төмендеуін өтеу міндетін қойып отыр
2021 жылғы 10 ақпанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі М. Г. Решетниковпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты шектеулерге қарамастан, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен экономикалық өзара іс-қимылы сыртқы сын-қатерлерге қарсы төзімділік танытқанын атап өтті.
Екіжақты тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6% - ке (17,2 млрд. АҚШ доллары) қысқарды. Тараптар 2020 жылы өзара сауданың көлемі мен серпініне эпидемияға қарсы шектеулер әсер еткенін атап өтті. Олардың жойылуына және жағдайдың қалыпқа келуіне қарай 2021 жылы өткен жылғы шығындар өтелетін болады және елдер арасындағы сауда айналымы орнықты өсу траекториясына шыға алады.
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ЕАЭО шеңберіндегі одан әрі екіжақты өзара іс-қимыл мен әріптестік мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Екіжақты және көпжақты форматта елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің басшылығы деңгейінде тұрақты байланыстарды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Құрметпен, ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің
қоғаммен байланыс басқармасы (баспасөз қызметі)
ҚР сауда және интеграция министрлігі
Тел.: 8 (7172)74-98-94
www.mti.gov.kz
https://www.facebook.com/mtiqz/
https://web.telegram.org/#/im?p=@tradepolicyQZ
- 18.02.2021
- 212