• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров түркістандық диқандарды мақта шаруашылығын дамытуға шақырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және агроөнеркәсіптік кешендердің жұмысымен танысты.

Министр бірқатар кәсіпорындарды, оның ішінде жылына 6 мың тонна көкөніс өндіретін заманауи «Аделя ШҚ» жылыжай кешенін аралады.

Жобаның құны 5,1 млрд теңгені құрайды. Кешен француздық RISHEL компаниясының автоматтандырылған қондырғыларымен жабдықталған. Өнімдер ішкі және сыртқы нарыққа шығарылады.

Алдағы 5 жылда облыста су үнемдеу технологиясымен егістік алқаптарын 216 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Суару технологияларының қолжетімділігін арттыру үшін жергілікті 3 кәсіпорын іске қосылды: «BNK Group», «Тұран Су».

Жыл сайын жергілікті шаруалар 100 мың гектарға дейін мақта егіп, осы жылы 300 мың тоннадан астам өнім алынды.
«Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС жұмыс сапары барысында Айдарбек Сапаров облыстың мақта шаруашылығындағы орасан зор әлеуетіне тоқталып, шаруаларды мақта шаруашылығын дамытуға, озық технологияларды қолдана отырып мақтаның элиталық сорттарын өсіруге шақырды.

Мақта-тоқыма кластерін құру, оның ішінде мақтаның элиталық сорттарын өсіру және шикізатты терең өңдеу жұмыстары аясында облыста мақта өнімділігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік беретін жоба жүзеге асырылды. Құны – 141 млрд теңге. 4 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Жалпы, облыста мақта шаруашылығын дамытуда 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделген. Жобаны толық жүзеге асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.

«Жайсан» шаруа қожалығында өткен шаруалармен кездесуде Айдарбек Сапаров суды үнемдейтін технологияға көшудің маңыздылығын айтып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.

Министр шаруалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, келесі жылы ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын, оның алғашқы 100 миллиард теңгесі ағымдағы жылдың желтоқсан айында қолжетімді болатынын айтты. Ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10%-ға дейін жаңарту мақсатына қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне кемінде 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Жиында шаруалар тарапынан айтылған ұсыныстар бақылауға алынды.
Сапар қорытындысы бойынша министр Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

  • 11.11.2024
  • 87
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика