• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Семейдегі екі университет Денсаулық сақтау бойынша МВА ашты

Alikhan Bokeikhan University және Семей қаласындағы Медицина университеті «Денсаулық сақтаудағы Master of Business Administration (MBA)» бірлескен магистрлік бағдарламасын іске қосты.

Бірлескен бағдарламаны іске асыру жөніндегі келісімге Alikhan Bokeikhan University Президенті Шырын Курманбаева мен Семей қ. Медицина университетінің ректоры Алтай Дюсупов қол қойды. Келісім Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қажетті жоғары білікті басқарушы мамандар даярлауды мақсат етеді.

Бағдарлама екі университеттің кең көлемді, сыртқы және ішкі байланыстарының, атап айтқанда, Швейцария, Италия, Франция және Болгария елдерінің жетекші бизнес мектептерінің, сонымен қатар отандық және шетелдік жетекші медицина орталықтарының қолдауымен жүзеге асады. Бұл өз кезегінде білім алушыларға өзекті білім мен үздік халықаралық тәжірибелерді игеруге мүмкіндік береді.

Бұл екі университет арасындағы алғашқы ынтымақтастық емес. Бұған дейін Alikhan Bokeikhan University мен Семей қ. Медицина университеті 2019 жылы «Денсаулық сақтаудағы IT» бакалавриат бағдарламасын іске қосқан болатын. Бүгінде бұл бағдарлама – түлектері 100% жұмыспен қамтылған жетекші білім беру бағдарламаларының бірі.

Денсаулық сақтаудағы MBA – еліміздегі медицина менеджментінің негізгі міндеттерін жүзеге асыратын кәсіпқой мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болмақ.

  • 22.11.2024
  • 80
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика