• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді

Загреб, 2024 жылғы 21 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманның шақыруымен Хорватия Республикасына ресми сапармен келді.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Загребке сапары қазақ-хорват ынтымақтастығының дамуына жаңа сапалы серпін беретін екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы сапар.

Тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Хорватия энергетика, көлік, соның ішінде азаматтық авиация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және инновация, сондай-ақ білім беру және туризм сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай әлеуетке ие екендігі аталып өтті.

ҚР СІМ басшысы Хорватия Қазақстанның Балқан мен Еуропалық Одақтағы бұрыннан келе жатқан және жақын серіктесі екенін мәлімдеді. «Біз достық пен өзара сенімге негізделген барлық деңгейдегі мағыналы саяси диалогымызды жоғары бағалаймыз. Экономикалық өзара іс-қимыл – қазақ-хорват қатынастарының негізгі бағыттарының бірі», – деді М.Нұртілеу.

Хорватия Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Еуропадағы сауда серіктестері арасында үшінші орынға ие. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 432 млн АҚШ долларын құрады.Осы тұрғыда екінші отырысы 2025 жылы Астанада өтуі жоспарланған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде Хорватияның министрі Загреб Астанамен қарым-қатынасты одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда өзара тиімді әріптестікті ілгерілету үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мен Балқандағы әріптестік аспектілеріне, жаһандық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институты мен Хорватия дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

  • 26.11.2024
  • 74
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика