• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан ТЖМ басшысы Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

24 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында №10 жаңа өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол қауіпсіздік жүйесін жақсартуға елеулі үлес қосатын болады. Ведомство басшысы жаңа нысанды салу мен жарақтандыру Қазақстан Президентінің қолдауымен және министрлік жүргізіп жатқан жүйелі реформалардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

"Құтқарушылар күні қарсаңында елордада салынған жаңа бірегей депоға президент келді. Сол кезде мен Мемлекет басшысына ауылдық жерлерде өрт сөндірушілердің де осындай жағдайлары болатынына уәде бердім. Сондықтан бүгінде министрлік ауылдарға басымдық береді. Қазір біздің ауылдық өрт сөндіру бөлімдері ең заманауи техникамен жарақтандырылуда.  Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсартылуда. Обьектілерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Атырау гарнизоны төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа техника алды. Бұл өрт сөндіру депосы ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болатынына сенімдімін. Министрлік ауылға ерекше назар аударады", - деді министр.

Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Серік Шәпкеновке өңірдің құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын дамытудағы белсенді жұмысы үшін де алғысын білдірді, ал әкім өз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өз кәсібіне адалдығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі жеделдігі үшін алғысын білдірді.

Жергілікті бюджет есебінен салынған №10 жаңа өрт сөндіру бөлімі тиімді жұмыс істеу үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған: бес бірлік заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасы, ангар, байланыс пункті, психологиялық жеңілдеу және демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ жедел ден қоюға арналған екі шығу. Бөлімде жаңа формамен қамтамасыз етілген 58 қызметкер жұмыс істейді.

Өңірде 14 өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетуде. Жаңа бөлімнің ашылуы Қазақстандағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғауды нығайту бойынша тұрақты жұмыстың жарқын үлгісі болды.

 "Бұл өрт сөндіру бөлімін ашу ауыл тұрғындары үшін де, жалпы аймақ экономикасы үшін де қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлім қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сенімді тірек болатынына сенімдіміз", - деп Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов атап өтті.

Сонымен қатар ТЖ-ға ден қоюға дайындықты жақсарту аясында жыл басынан бері Атырау облысы ТЖ департаментінің автопаркі 56 заманауи автокөлікпен толықтырылды.

  • 27.11.2024
  • 85
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика