- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан делегациясы Үндістанда өтіп жатқан Еуразиялық топтың қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі (ЕАТ) пленарлық апталығына қатысуда. Бұл шара ұйымның 20 жылдығына орайластырылған.
Іс-шараға ЕАТ мүше-мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдардың, шақырылған мемлекеттер мен жеке сектордың делегаттары қатысуда.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты (ҚБББК).
Айта кетейік, ҚБББК мүше елдердің қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі іс қимылын үйлестіреді. 2024 жылы Кеңес бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды: Аймақта ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар әзірленді;
Елдер арасында ақпарат алмасу рәсімдері жақсартылды; Тәуекелдерді бағалау үшін халықаралық орталық құру бойынша жұмыс басталды;
Жастарды қылмысқа тартуға қарсы күрес шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, Кеңес ұлттық жүйелерге халықаралық стандарттарды енгізуге көмектеседі және ұйымға мүше елдерді өзара бағалау кезінде рейтингтерін жақсартуға қолдау көрсетеді.
- 27.11.2024
- 34