• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде елімізде жылқы шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке қысқа мерзімде жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Мемлекет басшысының алға қойған міндетін орындау мақсатында қазақ жылқы шаруашылығы және жем өндіру ғылыми-зерттеу институты Ақтөбе облысындағы тәжірибе станциясының базасында құрылды.

Бүгін Ақтөбеде Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту және ҒЗИ ашу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.  Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаттары, еліміздің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.

Іс-шараны облыс әкімі Асхат Шахаров ашты.  Ол жергілікті атқарушы орган тарапынан жаңа ғылыми-зерттеу институтын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтіп, дөңгелек үстел мүдделі тараптар арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Бұдан кейін облыс әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге сөз беріп, вице-министр отандық жылқы шаруашылығындағы жағдай туралы айтып берді.

 Бүгінде Қазақстанда жылқылардың жалпы саны 4,1 миллион басты құрайды.  Сонымен бірге асыл тұқымды жылқылардың саны 46 мың басты құрайды немесе барлық малдың бір пайызынан сәл ғана асады.

«Мемлекет басшысы асыл тұқымды жылқыларды іріктеу мен өсіруге ерекше назар аудару, сол арқылы асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру қажеттігін атап өтті. Жалпы, соңғы бес жылда саланы субсидиялауға 4,9 млрд. теңге бағытталды. Ағымдағы жылы атқа мінетін бағыттағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі арнайы заң қабылданды. Үкімет заңды жүзеге асыруға кірісті», - деді Аманғали Бердалин.

Вице-министр 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Адай және Қостанай жылқыларын жетілдіруге, сондай-ақ Жебе, Көшім және Мұғалжар сияқты бағыттарда өнімді жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған екі ғылыми-зерттеу бағдарламасы басталғанын атап өтті. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді.

Жаңа Жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтының негізгі міндеті жылқылардың асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және отандық тұқымдарды халықаралық нарықтарда белсенді ілгерілету бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Институт алдағы бес жыл ішінде асыл тұқымды жылқылардың санын 6-7%-ға көбейтуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің аграрлық университеттерінде жылқы шаруашылығы бойынша тереңдетіп оқыту жоспарлануда.

Кадр тапшылығы мәселесі дөңгелек үстелге қатысушылар арасында ең көп талқыланатын мәселелердің біріне айналды. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар айтылды, оның ішінде өңірлерде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты комиссия құру, жоғары оқу орындарында жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты күшейту, жылқы шаруашылығымен айналысатын ғалымдардың ұрпақтары арасында сабақтастық байланыс орнату.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жүйелі көзқарас пен ғылыми-зерттеу институтын құру Қазақстанда жылқы шаруашылығын тұрақты дамыту үшін сенімді іргетас болатынына сенім білдірді.

  • 29.11.2024
  • 76
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика