- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
QazTrade Павлодар облысының Өңірлік сараптамалық кеңестің отырысын
Павлодарда экспортқа бағдарланған 40 компанияның, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтың, ҚР Сауда және интеграция министрілігінің «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлының және KazakhExport компаниясының өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің (ӨЭК) отырысы өтті.
«QazTrade» Бас директоры Азамат Асқарұлы өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушылар үшін бірыңғай терезенің жаңа мүмкіндіктерін ұсынды және экспортты қолдау бөлігінде мемлекет жоспарлаған шаралар туралы айтып берді.
«Бүгінде QazTrade шикізаттық емес өнім экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі оператор болып табылады. QazTrade құзыретінде компания диагностикасына және оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалауға дейін және сапалы талдау мен консалтингтік қызметтер көрсетуге дейін отандық өнім өндірушілерді қаржылай емес қолдаудың барлық дерлік құралдары шоғырланған. Сонымен қатар, компания осы жылдан бастап Экспорттаушылардың шығындарын өтеумен айналысады", - деді Асқарұлы.
Сонымен қатар, ол биылғы жылдан бастап барлық қызметтерді export.gov.kz порталында онлайн алуға болатындығын атап өтті. «Жеделдік үшін бір жыл бұрын @exportgov телеграм-арнасын және жақында @qaztradebot телеграм-ботын іске қостық. Соңғысында экспортты қолдау туралы ақпарат келесі тақырыптар бойынша шоғырланған: «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қалай кіруге болады, шығындардың Өтемін немесе экспорттаушыны қолдаудың басқа да қаржылық шараларын алу, электрондық алаңдарға шығару немесе Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпарат. Осы жерде сіз өтінішіңізді қалдыра аласыз немесе сұрақ қоя аласыз", - деп Асқарұлы аймақ кәсіпкерлерін ақпараттандырды.
QazTrade қатысатын өңірлік экспорттық кеңестердің басты міндеті-Қазақстанның бизнес қоғамдастықтарының өкілдерімен экспортты дамыту институттарымен тікелей байланысты қамтамасыз ету, соның арқасында туындаған барлық проблемалық жағдайларға жеделден қою мүмкіндігі пайда болады.
«Біздің алдымызда маңызды міндет тұр: отандық өнімді шетелдік нарықтарға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету және сізге – экспорттаушыларға, жан-жақты қолдау көрсету. Жыл бойы біз жергілікті жерлердегі экспортқа бағдарланған бизнес үшін проблемалық мәселелерді және "нәзік орындарды" білу үшін ӨЭК отырыстарында әр өңірдің өндірушілерімен кездесетін боламыз. Бұл ақпараттың барлығы біздің экспорттаушыларымыздың проблемаларын жүйелі түрде шешу және негізгі мақсатты іске асыру – 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 41 млрд долларға арттыру», - деді «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы.
Павлодар облысының кәсіпкерлері қазірдің өзінде QazTrade-пен ынтымақтасуда.
2019-2020 жылдары өңірдің төрт компаниясы («МВИ сауда үйі зауыты» ЖШС, «Ертіс Агро» ӘКК, «ТПК Тонар» ЖШС, «RTF ACTICA» ЖШС) Alibaba платформасында «Алтын аккаунтқа» ие болды. 2020 жылы өңірдің 15 экспорттаушы компаниясы экспорттық шығындардың бір бөлігін 184 млн.теңгеге өтетті.
2020 жылғы қаңтар-қарашада Павлодар облысының экспорты 2 544 млн. АҚШ долл.құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңнен 3,8% - ға төмен. Бұл ретте машина жасау сияқты тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдердің оң серпіні сақталды (2,2 есе немесе 54,9 млн., оның ішінде темір жол осьтері мен дөңгелектері, дизель-электр локомотивтері экспортының көлемін ұлғайту есебінен), химия саласының өнімі (5,1% - ға немесе 11,5 млн.), тамақ өнеркәсібі (1,4 есе немесе 17,7 млн.).
Мемлекет басшысы Қазақстанның шикізаттық емес экспортын (тауарлар мен қызметтерді) 2025 жылға қарай 41 млрд. АҚШ долларға жеткізу міндетін қойды.
- 19.02.2021
- 209