- Блогтар
- Омаров М.Т.
Омаров М.Т.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы
БҚДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Ереван қаласында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылуының 10 жылдығына арналған Еуразиялық экономикалық форум өз жұмысын бастады. Форумның негізгі тақырыбы — "ЕАЭО-ға 10 жыл: перспективалар мен басымдықтар".
Агенттік Төрағасының орынбасары Альан Әлжан бейнеконференцбайланыс арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі.
Аталған сессия аясында Альан Әлжан Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы айтып, цифрлық нарықтарды реттеу агенттігінің құқық қолдану тәжірибесін ұсынды.
Сессияға қатысушылар ЕЭО елдеріндегі бәсекелестікті дамытудың негізгі тенденцияларын талқылады және ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның одан әрі даму перспективаларын белгіледі.
- 05.12.2024
- 28