• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекеттік қызмет істері агеніттігінде БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде БАҚ мен медиа саласының өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық қазақ көркемсөзінің корифейлері, электронды және баспа БАҚ, телеарналар мен медиа өкілдері қатысты.

        Кездесу барысында Дархан Жазықбай қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қажетті дағдылары мен құзыреттерін жетілдіру үшін барлық жағдайлар жасалғанына тоқталып, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету және кәсіби мамандарды тарту мақсатында енгізілген заңнамалық бастамаларды жүзеге асырудың тиімділігі туралы айтты.

        Ол мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігін  және осыған байланысты олардың әдептілік мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтауы, коммуникациялық дағдыларын үнемі дамытуы маңызды екеніне ерекше назар аударды.

        «Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгергенін атап өтті. Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек екенін алға қойды. Бұл айтылған міндеттер мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік әлеуетін жетілдіруді және адами құндылықтарға бастайтын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» идеясын олардың санасына орнықтыруды талап етеді», - деді Агенттік төрағасы.

        Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметтің гибридті моделі негізінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, персоналды бейімдеу, тұрақтандыру және ынталандыру бойынша HR-процестерді жетілдіру, сервистік және адамға бағдарлану қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған жоспарлармен бөлісті. Бұл шаралар мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында жоспарланған және Агенттік оларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

        Сондай-ақ Агенттік өкілдері мемлекеттік қызметке іріктеу және оны өткеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту саласындағы негізгі жетістіктері туралы ақпарат ұсынды.

        Баспасөз туры барысында мемлекеттік қызметке онлайн іріктеуді жүргізуге мүмкіндік беретін «eQyzmet» сыртқы порталының жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің үлкен деректер базасы шоғырланған, ал цифрлық технологияларды қолдану берілген параметрлер бойынша (білім, дағдылар, құзыреттер және өзге де деректер) қатардағы мемлекеттік қызметшілер арасында қандай да бір лауазымға неғұрлым cәйкес келетін кандидаттарды таңдауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге арналған медиа-орталық, Агенттік пен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тарихи мұражайы, цифрлық коворкинг-залы, кітапхана жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, «Жаңа формация басшысы» мемлекеттік саяси қызметшілерге арналған курстарда оқудың қалай өткізілетіндігін көрді. Жаңа формация басшылары үшін әділдік, ашықтық, мемлекетшілдік және халыққа адал қызмет ету қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына басымдылық беріледі. Қайта даярлау бағдарламасын іске асыру жаһандық пайымдау, стратегиялық ойлау және көшбасшылық сынды құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

БАҚ және медиа өкілдері Агенттік төрағасына мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатын іске асыруда мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдері және азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құруының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

  • 06.12.2024
  • 67
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика