• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 12,7%-ға өсті

ҚР Парламенті Сенатында өткен «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» атты парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров негізгі тауарлар бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі халық қажеттілігінен бірнеше есе жоғары екенін мәлімдеді.

Мәселен, ұн бойынша қамтамасыз ету деңгейі халық сұранысынан 2,4 есе, күріш пен күнбағыс майы бойынша – 1,7 есе жоғары, ал қой еті – 106%, сиыр еті – 101% деңгейінде.

Министр атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі индикаторлар мен міндеттер Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы және ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2028 жылға дейін екі есе арттыруға арналған Жол картасы сияқты стратегиялық құжаттарда көрсетілген.

«Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша салада оң динамика байқалады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 12,7%-ға өсіп, 7,1 трлн теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығында өсім 18,8% немесе 4,5 трлн теңге, ал мал шаруашылығында 3,3% немесе 2,6 трлн теңге болды», – деп министр негізгі көрсеткіштерді атап өтті.

Министр биылғы жыл дәнді дақылдардың рекордтық өнімімен ерекшеленгенін еске салды: 26,7 млн тонна астық жиналды, бұл 2023 жылғы деңгейден 1,5 есе жоғары. Өндірістің өсуі күріш, қарақұмық, майлы дақылдар мен картоп сияқты басқа да негізгі дақылдар бойынша да байқалды.

Мәселен, майлы дақылдардың жалпы өнімі 3,2 млн тоннаны құрап, өткен жылғы деңгейден 46%-ға өсті. Күріштің жалпы өнімі 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға, қарақұмық – 42%-ға, күнбағыс тұқымы – 35%-ға артты. Картоп 2,9 млн тонна жиналды, бұл 40%-ға өскенін көрсетеді.

Сойылған ет өндірісі 4,4%-ға өсіп, 889,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде сиыр еті – 6,2%-ға, құс еті – 10,3%-ға артты. 3,1 млн тонна сүт (4,2%) және 3,8 млрд тауық жұмыртқасы өндірілді. Сүт-тауарлы фермаларда орташа сүт өнімділігі 7,4%-ға өсті.

«Саланың табысты дамуы тиісті жем-шөп базасын қамтамасыз етусіз мүмкін емес. Биыл 35,2 млн тонна шөп дайындалып, бұл бір жарым жылдық қорды құрады. Қалған жем-шөп түрлері бойынша қажеттіліктің 111%-ы қамтамасыз етілді. Бұл көлемдер ауыл шаруашылығы жануарларын қыс мезгілінде тұрақты азықтандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

  • 06.12.2024
  • 70
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика