• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау мәселелері Үрімшіде талқыланды

Үрімшіде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, СҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй және Гонконг (ҚХР) Сауда және экономикалық даму министрі Алджернон Яудың қатысуымен өткен үшжақты кездесуде Қазақстаннан СҰАР мен Гонконгқа мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қытайдың Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол қазақстандық өндірушілердің Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде жабайы аң еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті мен құс еті, бал, жемшөп қоспалары, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін – астық, ұн, майлы дақылдар, өсімдік майлары мен сүт өнімдерін экспорттауға мүдделі екенін айтты.

Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер бар. Қазақстаннан Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін әр өнімге байланысты Гонконгтың ветеринарлық қызметімен хаттамалар жасалуы тиіс. Гонконгтың Азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған орта гигиенасы департаментімен бірқатар мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды келісу бойынша бірлескен жұмыс басталды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Гонконгқа қытайлық Ляньюньгань порты арқылы бидай ұнын сынақ ретінде жеткізуді ұсынды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында Қазақстаннан ҚХР-на 9 түрлі мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға хаттамаларға қол қойылған.

Осы жылы Қытай тарапы құс тұмауы (елдің барлық аумағы) және аусыл (оңтүстік-шығыс аймақтар) бойынша енгізілген уақытша шектеулерді алып тастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында сойылған ірі қара мал мен ірі қара мал терісін жеткізуге екі хаттамаға қол қойылды. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы өнімдері мен қосалқы өнімдерді экспорттау бойынша хаттамаға қол қою дайындық үстінде.

Қытайға экспортталатын өнімдер тізімін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мал шаруашылығы өнімдері – салқындатылған ет, жылқы еті, термоөңделген ет өнімдері және жануарларды сою кезінде алынатын қосалқы өнімдер бойынша ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күні ҚХР-да аккредитациядан өткен кәсіпорындар тізімінде 43 қазақстандық кәсіпорын бар. Тағы шамамен 10 кәсіпорын электронды платформада тіркелу сатысында тұр.

  • 09.12.2024
  • 58
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика