• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Азат Сұлтанов Алматы өңдеушілерімен кездесті

Алматы қаласының тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шараларды талқылады.

Азат Сұлтанов Алматы қаласының қайта өңдеу кәсіпорындарының жоғары шоғырлануы арқасында халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту және оны шикізат көлемінің 70%-на дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдауда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді 2028 жылға дейін дамыту жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды, онда қайта өңдеуді қолдаудың жаңа шаралары, өткізу нарықтарын ашу, сондай-ақ қазақстандық өңдеушілерді қолдау үшін қорғаныс шараларын қолдану көзделген.

Жоспарды іске асыруға 5 жыл ішінде 372 млрд теңге, оның ішінде инвестициялық мақсаттарға 150 млрд теңге және айналым қаражатына 222 млрд теңге бөлінетін болады», – деді вице-министр.

Азат Сұлтанов сонымен қатар айналым қаражатын толықтыру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы туралы айтты. Бұл бағдарлама отандық өңдеу зауыттарының жүктемесін арттыру міндетін шешуге мүмкіндік береді.

2025 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы сыйақы мөлшерлемесін тікелей субсидиялау механизмін сынақтан өткізу және қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға 48,5 млрд теңге тарту жоспарлануда.

Шикізат мәселесін жүйелі түрде шешу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК-де ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі СҚО тәжірибесін тираждау шаралары қабылдануда. Биыл 373 мың тонна сүт өндіруге қабілетті 65 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады деп жоспарланған. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді.

«Кешенді жоспардың негізгі бөлігі өткізу нарығын кеңейту мәселесіне арналды. Жоспарды жүзеге асыру қайта өңделген өнімнің жалпы өндірісін 1,4 есеге арттырып, АӨК ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Азат Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге қолайлы жағдай жасау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несиелендіру көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеге жеткізілді, бұл қазіргі заманғы агротехнологияларды енгізуге және аграршылардың техникалық паркінің айтарлықтай жаңаруына мүмкіндік берді.

Кепілдік қамтамасыз етуі жетіспейтін фермерлерді қаржыландыруды кеңейту үшін несие сомасының 85%-на дейін кепілдік беру енгізілді. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясында жылдық 5% мөлшерлемемен 120 млрд теңге отандық өндірістегі қажетті техниканы сатып алуға бағытталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егістік алқаптарын әртараптандыру сәтті жүзеге асырылды, 1,2 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілді (бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп), элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9,5%-ға дейін өсті, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5%-дан 5,3%-ға дейін артты.

Қараша айының соңында 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына алдын ала қаржыландыру басталды. Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаржы бағытталады, оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтық капитал көздерінен тартылады.

Кездесу барысында қатысушылар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, Қытайға ет экспорттау, ГИСС порталының жұмысы, тауарларды өткізу және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

  • 09.12.2024
  • 73
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика