• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысында жылына 10 000 тонна сыр өнімін өндіретін зауыт іске қосылады

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында нақты шаралар қабылдануда.

Мәселен, 2023 жылы өңдеу саласында аймақта жылына 170 мың тонна бұршақ дақылдарының жармасын өндіру жобасы іске асырылды. Бұл жобаға «КАЙДЗЭН» ЖШС 9 млрд теңге инвестиция салды. «S-Agro-Borovskoe» компаниясы 40 тонна құрғақ бие сүтін өндіруді жолға қойды.

Ағымдағы жылы «Аруана-2010» ЖШС жылына 90 мың тонна ұн өндіретін жаңа диірмен кешенін іске қосты. Жыл соңына дейін жылына 10 мың тонна сыр өнімін өндіретін зауыт пайдалануға беріледі. Бұл жобаға «МИЛХ» ЖШС 7,2 млрд теңге инвестиция жұмсады.

Аймақта бұл бағыттағы жұмысты күшейту жоспарланып отыр: 2026 жылы «AC Agro» ЖШС жылына 100 мың тонна бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлауда. Жобаның құны – 24 млрд теңге.

Сонымен қатар, «Баян Сұлу» АҚ «Кондитерлік астана» өндірістік кешенін салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 13 мың тоннадан асады.

2027 жылға қарай «Qostanai Grain Industry» ЖШС астықты терең өңдеу жобасын іске асырады. Жылына 415 мың тонна астықты қайта өңдеу арқылы глютен, крахмал, амин қышқылдары, биоэтанол және басқа да өнімдер өндіру қолға алынады. Жобаға 70 млрд теңге инвестиция салынады.

Жалпы, 2027 жылға дейін Қостанай облысында аграрлық сектордың барлық саласында 96 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 32, өсімдік шаруашылығында – 47, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде – 17 жоба бар. Жалпы инвестиция көлемі 232 млрд теңгені құрайды. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

  • 10.12.2024
  • 70
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика