• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
С. Жақыпова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен бақыт тіледі.

 «Биыл біз еліміздегі маңызды тарихи оқиғаның бірі – Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 33 жыл толуын атап өтеміз.

Тәуелсіздік – біздің ата-бабаларымыз ежелден армандаған асыл мұраты еді. Егемендік алған Қазақстан өзінің мемлекеттік рәміздерін және төл  валютасын енгізді, Конституцияcын қабылдады. Еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланды, даңғыл даму жолына түсті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің еліміз кезіккен қиындықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді әлеуметтік басымдықтарды белгіледі. Осы өткен 33 жыл ішінде әлеуметтік-еңбек саласында үлкен жұмыс атқарылды, барлық салалық заңдар, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Әлеуметтік міндеттемелерді орындау және халықтың әл-ауқатын арттыру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтары болып табылады.

Бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуге 5,3 трлн теңге жұмсалды.

Биыл БҰҰ-да Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндама сәтті ұсынылды.

Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгеруде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы цифрландырылуда, төрт пилоттық аймақтағы балаларға қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Техникалық оңалту құралдарының инновациялық фабрикасы» пилоттық жобасы іске қосылды.

Ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп, қазіргі уақытта 13 мыңға жуық адамға тағайындалды.

Осы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан біздің Министрліктің қарамағына беру болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері құрылды, еңбек заңнамасының сақталуында мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі пайда болды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6% - ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жыл басынан бері 845 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 315,1 мыңға жуық қазақстандық қамтылды.

Барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Барша отандастарымызға зор денсаулық, амандық пен бақыт, ал туған елімізге одан әрі гүлдену мен өркендеу тілеймін!» – делінген Светлана Жақыпованың мерекелік үндеуінде.

  • 13.12.2024
  • 98
Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика