• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
AMANAT партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру жұмысының қорытындысын ұсынды

AMANAT партиясы 2024 жылғы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру қорытындысын шығарды. 2024 жылы жобаның арқасында 780 мың қазақстандық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды. Партияның ақпараты бойынша, қатысушылардың 40%-дан астамы өздерінің борыш жүктемесін төмендетті, 70%-ы ай сайынғы төлемдер сомасын азайтты, 41%-ыкредиттердің жалпы санын азайтты.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің Төрағасы, AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, мемлекеттік органдардың, екінші деңгейдегі банктердің басшылары, жобаға қатысушылар мен сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында халықтың шамадан тыс кредит алуы  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны атап өтілді. Оны шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүйелік шаралар қабылдануда.

Екінші деңгейдегі банктердің қолдауымен іске асырылып жатқан AMANAT партиясының ауқымды «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын азайту және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шаралардың біріне айналды. Оны іске асыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Үкіметпен және AMANAT партиясымен бірлесіп Жол картасын әзірледі.

Оның негізгі бағыттарының бірі азаматтардың проблемалық кредиттерін реттеу болды. Агенттік банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп Азаматтардың проблемалық кредиттерін реттеу алгоритмін әзірледі. Агенттік банктердің және микроқаржы ұйымдарының халықтың проблемалық кредиттерін реттеу жөніндегі жеке жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуде.

Биыл Мәжіліс депутаттарының бастамасы бойынша халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеу үшін Кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң әзірленді, оған Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 маусымда қол қойды. Осы заңнамалық жаңалықтар және реттеушілік сипаттағы шаралар халықтың шамадан тыс кредит алуын одан әрі шектеуге бағытталған.

 Іс-шара барысында жобаны қаржыландыру және қазақстандықтарды оқыту бөлігінде  екінші деңгейдегі 12 банктің (Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі, Forte bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Jusan Bank, Bereke Bank, Bank RBK, Nurbank, Home Credit Bank, Altyn Bank)  елеулі рөлі мен қатысуы атап өтілді.

Кездесу соңында серіктестерге, сарапшыларға және жоба қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік наградалар тапсыру рәсімі өтті.

  • 20.12.2024
  • 78
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика