• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Агросақтандыруды субсидиялауға 2021 жылы 3,3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді

          Еліміздің шаруалары егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандыра алады. Оны үйден шықпай-ақ Qoldau.kz порталы арқылы жасауға болады. Сақтандыру құнының жартысын мемлекет төлейді.

          Онлайн сақтандыру өткен жылы басталып, жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы,  фермерлерге 535 млн теңгенің сақтандыру төлемі берілді. Сақтандыру жағдайы туындағанын комиссия мүшелері емес, спутниктік мәліметтерге негізделген ақпараттық жүйе анықтады. Бұл сақтандыру төлемі механизмінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті.

          Биыл агросақтандыру шығындарын субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

          Агросақтандыру саласындағы оператор - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Мемлекет оператор арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сақтандыру сыйақысын төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтейді.

           Барлық сақтандыру процесі «Agroinsurance» сервистік жүйесі орналасқан Qoldau.kz платформасында іске асырылады. Қазақстандық сақтандыру компаниялары өз тәуекелдерін әлемдік нарықта айрықша орны бар Swiss Re, Munich Re және Hannover Re сияқты ірі халықаралық компаниялар арқылы қайта сақтандырады.

           Сақтандыруға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері, сұлы) және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр) жатады. Айта кетейік, егіс алқаптарын Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, облыстарының шаруалары сақтандыра алады.

Егіс алқабын сақтандыру үшін шаруа не істеу керек:

  1. электронды цифрлық қолтаңба арқылы сайтқа тіркелу;
  2. жеке кабинетке кіру;
  3. тізімнен тәуекелі басым сақтандырылуы тиіс егіс алқабын таңдау;
  4. сақтандыру компаниясын таңдау (Жусан Гарант, Виктория, Номад иншуранс);
  5. сақтандыру құнының 50 %-н төлеу.

            Осы қарапайым процедуралардан кейін фермер күн сайын жеке кабинеті арқылы топырақтағы ылғал деңгейін бақылауға мүмкіндік алады. Ол үшін үнемі онлайнда болудың қажеті жоқ. Егер жүйе ылғал жетіспеушілігін немесе артық мөлшерін тіркесе, фермер электронды поштасы арқылы хабарлама ала алады. Осыдан кейін электронды цифрлық қолтаңба арқылы төлем өтінішіне қол қоюы керек.

             Барлық процесс автоматтандырылған және сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайы тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде төлем жасалады.

             Ылғал тапшылығынан болатын тәуекелдерді сақтандыру индексі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең: 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екінші кезең: 15 маусымнан 14 шілдеге дейін және сақтандыру арқылы қорғанудың үшінші кезеңі: 15 шілдеден 14 тамызға дейін. Осы кезеңдердің әрқайсысы үшін жүйеде өз триггерлері қойылады. Яғни, сақтандыру жағдайы іске қосылатын нүктелер мен кезеңдердің әрқайсысына төлемдер қарастырылған. Топырақтағы ылғал деңгейін анықтаудың толық процесі, триггерлер мен басқа да параметрлер шаруаның жеке кабинетіне жіберіліп тұрады.

            Қазақстанның көптеген аймақтарында түскен қардың және топырақтағы ылғал қорының аздығын ескере отырып, сарапшылар биыл жазда құрғақшылық болады деп болжап отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мемлекеттік субсидия есебінен құрғақшылықтан сақтандыру механизмі шаруаларға үлкен қолдау болады деген сенімде.

  • 22.02.2021
  • 290
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика