• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысында ветеринария және балық шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қазіргі уақытта толықтай қайта жаңғыртылып жатқан «Сев Каспий Фиш» ЖШС-нің Шортанбай балық зауытына барды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, зауытты жаңғыртуға 12 млрд теңге қажет. Жоба инвестордың жеке қаражаты мен өңірлік даму корпорациясы арқылы алынған қарыз қаражат есебінен қаржыландырылуда.
Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін зауытта жылына 10 мың тонна балық өңделіп, 5 мың тонна дайын өнім шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар жылына 5 миллион консерв және 1000 тонна кептірілген өнім өндіру көзделген.

Сондай-ақ, вице-министр «Жайық-Каспий» облыстық инспекциясының Құрманғазы аудандық бөлімшесіне арналған жаңа ғимараттың ашылуына қатысты. Модульдік ғимарат заманауи стандарттарға толықтай сай жабдықталған.

Бірлік ауылында вице-министр халықпен және балық шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланып, сұрақ-жауап алмасу болды.

Бұдан бөлек, вице-министр облыстағы ветеринария ұйымдарының мамандарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Аманғали Бердалин Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында ветеринарлық және сою пункттерін, сондай-ақ мал қорымдарын салу бойынша индикативтер белгіленгенін еске салды.

Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр нақты тапсырмалар берді. Олардың ішінде: азық-түлік қауіпсіздігін қатаң бақылауды күшейту, ВСЭ модуліне уақытылы қосылуды қамтамасыз ету және белгіленген индикативтердің бекітілген мерзімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бар. Вице-министр тек кешенді көзқарас қана өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздік деңгейін тиімді арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

  • 23.12.2024
  • 63
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика