• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы ТЖ орталығы кеңесінің жыл қорытындысы мен жоспарын тыңдады

Алматыда Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің он бесінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов және Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырканов қатысты.

  Орталық директоры Серік Әубәкіров орталықтың есепті кезеңдегі жетістіктері туралы хабарлады, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарын, оның ішінде апаттар қаупін азайтуға және төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру туралы айтты.

  Отырыс барысында орталықтың 2024 жылғы қызметі туралы есеп ұсынылды, биылғы жылға арналған бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланды және 2025 жылға арналған бюджет бекітілді. Кадрлық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

  Шыңғыс Әрінов Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

  «Біздің елдеріміз осы салада тиімді жұмыс істейді. Басшылық құрамнан бастап қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға дейін қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыру үшін үнемі бірлескен іс-шаралар өткізеді. Біз бірлесіп құрған орталық төтенше ведомстволардың әлеуетін нығайтуға және құтқарушылардың біліктілігін арттыруға ықпал ететін бірегей халықаралық платформа болып табылады», — деп Қазақстан ТЖ министрі атап өтті.

  ТЖМ басшысы тиімді жұмыс істеу үшін орталықтың ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылының маңыздылығына да баса назар аударды.

  Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда оның әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану үшін орталықтың күш-жігерін жандандыру туралы шешім қабылдады. Отырыс соңында орталық кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылды.

  Отырыс екі ел арасындағы азаматтық қорғау және халық қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды.

  • 24.12.2024
  • 72
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика