- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкентте Жастар ресурстық орталығында қаланың дамуына үлес қосқан және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Құттықтау сөзінде мегаполис басшысы мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп отырған жан-жақты қолдауларды атап өтті. Оның ішінде сапалы білім алу, ғылыммен айналысу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Жастар-еліміздің тірегі. Бізде алға ұмтылатын талантты жастар өте көп. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы — патриот, білімді, еңбекқор жастардың қолында екенін атап өтті. Сіздерге жаңа жеңістер мен жетістіктер, денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!»,- деді Ғ. Сыздықбеков.
- 30.12.2024
- 54