• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров жаңа басшылыққа аграрлық ғылымның дамуын тежеп отырған мәселелерді шешу жолдарын әзірлеуді тапсырды

Аграрлық ғылым мәселелеріне арналған алқа отырысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, салаға жетекшілік ететін облыстық басқарма басшылары, бизнес қауымдастықтарының өкілдері, АШМ аумақтық инспекцияларының басшылары қатысты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық ғылымды дамыту бойынша шаралар қабылдауды, ең бастысы – ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығында практикалық тұрғыдан қолдану бойынша нақты қадамдар жасауды тапсырды. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын тікелей интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру тапсырылды. Өкінішке қарай, орталықтың жұмысының нәтижелері күткен деңгейден шықпады. Күзде орталыққа жаңа басшы – Айгүл Ахмеджанова тағайындалды, оған жағдайды талдау тапсырылды. Бізге аграрлық ғылымның дамуын тежеп отырған проблемаларды талқылап, оларды шешу жолдарын анықтау қажет», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Вице-министр Ербол Тасжүреков орталықтың жұмысының нәтижелері туралы баяндады. ҰАҒББО 14 мың тонна суперэлита тұқымдарын өндірген, алдағы екі жылда бұл көрсеткішті 34,5 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Болашақта 109 жаңа сорт пен 94 ғылыми әзірлеме, соның ішінде жылқы шаруашылығындағы тұқымдарды сақтау бағытында жұмыс жүргізу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Жоспар заңнаманы жетілдіруді және материалдық-техникалық базаны нығайтуды қамтиды, оған жалпы көлемі 51,7 млрд теңге қарастырылған. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 15,4 млрд теңгеге екі жоба – дәнді дақылдар мен күріш өсіру саласы бойынша, сондай-ақ 4,2 млрд теңгеге мақта шаруашылығы бойынша жоба бар.

Сонымен қатар, ҰАҒББО-нда жүргізілетін зерттеулердің сапасын арттыру қажеттілігі айтылды. «Біз ғылыми әзірлемелерді практикаға белсендірек енгізуіміз қажет. 2024-2030 жылдарға арналған стратегия аясындағы негізгі күш-жігер ғалымдар, өндірушілер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл платформаларын құруға бағытталады. Бұл саланың сұраныстарына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Ербол Тасжүреков.

Айдарбек Сапаров орталықтың коммерцияландыру, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, технологияларды трансферттеу, сондай-ақ салаға кадрлар дайындау бойынша жұмыс нәтижелерін сынға алды.

«Аграрлық жоғары оқу орындарында білім алған түлектердің бір бөлігі ғана өндіріске жұмысқа орналасады. Түлектердің басым бөлігі басқа салаларға кетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында кадр тапшылығы байқалады. Біздің міндетіміз – жоғары білікті кадрларды дайындап қана қоймай, оларды нақты экономиканың секторына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Түлектерді салада бекіту үшін жоғары оқу орындары әкімдіктермен, ірі агроқұрылымдармен өндірістік тәжірибе ұйымдастыру және одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелерінде жұмыс жүргізуі қажет. Қызметкерлерді тағайындау кезінде кадр саясаты бойынша да үлкен олқылықтар бар. Мысалы, «Заречное» ШҚБ бұрынғы басшысы ұйымды банкроттыққа жеткізуге тырысты. Тек менің тапсырмамнан кейін тиісті шаралар қабылданып, басшы қызметінен босатылды», – деді министр.

Жиында жылқы шаруашылығы және мал азығын өндіру институтының жұмысы, сондай-ақ қойылған міндеттерді сәтті орындау үшін саларалық үйлестірудің маңыздылығы талқыланды.

«Аграрлық ғылымның қуаттылығы және оның нәтижелерін жергілікті жерде өндіріске енгізу әр өңірдің АӨК дамуына тікелей әсер етеді. Аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығын қолдаудың кешенді жүйесін құру үшін басқа ведомстволармен және бизнес өкілдерімен белсенді ынтымақтасу қажет. Алдымызда нақты тапсырмалар бар, және оларды орындау үшін қажетті ресурстар бар. Аграрлық ғылымның түйінді мәселелерін шешуге бағытталған жұмысты күшейтіңіздер», – деп қорытындылады министр.

  • 08.01.2025
  • 65
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика