• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көктемгі егін егу науқанына «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы 674 фермер қаржы алып үлгерді

Мемлекет басшысының 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жеңілдетілген несие беру бойынша өтінімдерді қабылдау 2024- жылдың 29-қарашасында басталды. Бұл шара фермерлердің қажет тұқымды, тыңайтқышты, өсімдік зиянкестеріне қарсы дәрі-дәрмектерді ерте сатып алып, техникаларын жарақтап, егін егу науқанын сапалы жүргізулері үшін қабылданды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие беру жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда жалпы сомасы 153,9 млрд теңгені құрайтын 1337 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі Корпорацияға жүгінген. Оның ішіндегі жалпы сомасы 136,2 млрд теңге болатын 1002 фермердің өтінімі қаралуда. Ал 674 фермер көктемгі егін егу науқанына 100,2 млрд теңге несие қаржыларын алып үлгерді.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты астықты аймақтардың егін егетін фермерлері арасында белсенділік жоғары екені байқалуда.
«Максимовское» ЖШС «Кең дала 2» бағдарламасына қатысу үшін өтінім берген алғашқы шаруашылықтардың бірі болды.

«2024-жылғы көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында бізге «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несие алу ұсынылды. Біз 500 млн теңге көлемінде қаражат алдық, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарға қатысты барлық міндеттемелерді өтедік. Егін жинау жұмыстарын сәтті аяқтап, қарызымызды жаптық. 2025-жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жұмыстарының арқасында біз қазірдің өзінде 800 млн теңге алдық. Бұл теңдессіз бағдарлама. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұдан жақсысын табу мүмкін емес деп ойлаймын», – деді «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусилов.

Еске сала кетейік, Президенттің тапсырмасын орындау аясында көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді, оның шамамен 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкімет қабылдаған шаралар фермерлерге ең қолайлы шарттармен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қарыздарды рәсімдеу мен өтеу үшін жүгінуге болатын қаржы институттарының саны көбейтілді. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді болады.
Кепілдік жетіспеушілігін шешу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруді қарастырған.

  • 08.01.2025
  • 108
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика