- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 280-НЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Қала әкімі мен басқарма басшылары 280-нен астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды.
Қабылдау барысында негізінен, тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, сондай-ақ қаланы абаттандыру, жол жөндеу және күтіп ұстау мәселелері пысықталды. Мегаполистің дамуын қолдайтын белсенді азаматтар жайлы ортаны дамыту бағытындағы бастамаларын да ортаға салды.
Сала басшыларына азаматтардың барлық өтінішін заң аясында қарастырып, оңтайлы шешім шығару бойынша мерзім бекітілді.
- 16.01.2025
- 24