- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
3,2 млн балық шабағы Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды
Махамбет ауданына қарасты Х.Ерғалиев елді мекені маңындағы Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.
Су арнасында балық шабақтарының жиналуы 13 қаңтарда анықталған.
Жедел мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтарда 1,2 миллионға жуық шабақ құтқарылды.
Салмағы 5-6 грамм болатын құтқарылған қарабалық пен сазан шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.
Жалпы, бірнеше күннің ішінде құтқарылған балық шабақтарының саны 3,2 миллионға жетті.
Іс-шараларға 40 адам және 7 техника жұмылдырылған.
Жағдай ерекше бақылауға алынған.
- 17.01.2025
- 42