- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей алады
Сәтбаев университеті – Мемлекет басшысының «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын қолдап, осы бағдарламаға қатысушыларға елеулі жеңілдіктер беріп отырған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.
20 қаңтар күні Сәтбаев университеті мен мемлекеттік білім беруге жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында жасалған меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы меморандум аясында университет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушыларға оқу ақысына 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдіктер ұсынады.
«Келешек» жүйесіне қатысушылар, оның ішінде келесі талапкерлер:
• Жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған талапкерлерге оқу ақысының жалпы сомасынан 50% жеңілдік беріледі;
• Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлерге 30%-ға дейін;
• Тұрмыс жағдайы толық қамтылмаған отбасынан шыққан талапкерлерге 25%-ға дейінгі көлемде;
• Басқа санаттағы талапкерлердің барлығына 20% көлемінде жеңілдік беріледі.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../sci/press/news/details/921287...
- 21.01.2025
- 39