• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Иран қазақстандық астықты жеткізу көлемін ұлғайтуға мүдделі

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Fawakeh Trading Company» инвестициялық компаниясының бас директоры Хассан Хейдаринассабпен кездесті. Министр 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында оң нәтижелер байқалғанын атап өтті. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет қазақстандық астық экспорты 30 есеге өсіп, шамамен 500 мың тоннаны құрады.

«Иранға астық жеткізу қайта басталды. Біз Иран бизнесіне жан - жақты қолдау көрсетуге және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту үшін барлық жағдай жасауға дайынбыз», - деді Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Хассан Хейдаринассаб жыл сайын астық импортын 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясы ирандық инвесторлардың серіктесі бола алады.

Мемлекеттік астық операторы бидай, арпа, зығыр, рапс, жасымық, бұршақ, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін қоса алғанда, қазақстандық агроөнімдердің кең желісін жеткізуді ұйымдастыру бойынша барлық мүмкіндіктерге ие. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін шетелге жіберу үшін жеке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тартуда үлкен тәжірибеге ие және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар АӨК саласындағы өзара тиімді сауда ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеуге келісті.

Иран Ислам Республикасы қазақстандық астықтың, бидайдың да, арпаның да дәстүрлі өткізу нарығы болып табылады. Қазақстан қолайлы нарықтық конъюнктурамен астықты тұрақты және ауқымды экспорттық жеткізуді жүзеге асыра алады.

Иранға қазақстандық экспорттың негізгі тауарларының ішінде агроөнеркәсіптік сектордың өнімдері басым, атап айтқанда арпа, күнжара және басқа да қатты қалдықтар, қой немесе ешкі еті, жүгері және т.б.

  • 21.01.2025
  • 55
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика