• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade Magnum-ға өзбек нарығына шығуға көмектеседі

ҚР ИЖТМ «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен кездесу өткізді.

Министрдің орынбасары Абидов «QazTrade» басшысын елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. «Қазақстан алты жыл бұрын ДСҰ-ға кірді. Біз қазір осы процестің ортасындамыз. Сіздің келіссөз тәжірибеңіз біз үшін өте пайдалы болар еді», - деді Бадриддин Абидов.

Кездесуде Тараптар өзара сауданы дамыту әлеуетін талқылады. Қазақстан Өзбекстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бестігіне кіреді, бұл ретте Ташкент Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі болып табылады.

Азамат Асқарұлы екі елдің үкіметтері екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлағанын еске салды. «Өкінішке орай, пандемияға байланысты 14%-ға төмендеді. Бірақ біз биыл елдеріміз тауар айналымын қалпына келтіріп, арттыра алатынына сенімдіміз», - деді «QazTrade» басшысы.

Атап айтқанда, Қазақстан Өзбекстанның жеміс-көкөніс және жеңіл өнеркәсібіне мүдделі және ауыл шаруашылығы тауарларын, фармацевтикалық тауарлар мен құрылыс материалдарын ұсынуға дайын.

Әңгіменің маңызды тақырыбы өзбек нарығына «Magnum» ірі қазақстандық ритейлерінің кіруі жөніндегі жоспарлар болды.

2021 жылдың қыркүйегінде «Magnum» АҚ Өзбекстанда алғашқы гипермаркетті ашуды, ал 2023 жылға қарай тағы 11 дүкен ашуды жоспарлап отыр, оның 3 – і гипермакет.

Азамат Асқарұлы өзбек әріптесін Қазақстандағы ритейлердің қызметі туралы хабардар етті.

«Ритейлер дүкендері Қазақстанда танымал. Оның ішінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қолжетімді бағамен кең және сапалы таңдаудың арқасында», - деп бөлісті Асқарұлы.

Сатушының бір ерекшелігі - оның жергілікті ассортиментке бағытталуы. Бұл ретте «Magnum-Өзбекстан» сөрелерінің 30%-дан астамы қазақстандық өндіріс өнімдерімен толтырылатын болады. Оның ішінде бұрын Өзбекстан нарығына шықпаған қазақстандық брендтер де бар.

Сапар барысында Азамат Асқарұлы ӨР Сауда-өнеркәсіп палатасының жұмыс тәжірибесін де зерттеді. ҚР СӨП қызметі бағыттарының бірі кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін қолдау болып табылады.

Тараптар сондай-ақ екі елдің өндірушілерін қолдау және олардың өнімдерін Қазақстанның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үшінші елдердің нарықтарына шығару бойынша бірлескен іс-шаралар құру мүмкіндігін талқылады.

«Қазақстанның дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде транзиттік инфрақұрылымы бар. Бірлескен кәсіпорындар құру арқылы, оның ішінде Болашақ халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы шеңберінде бірлескен қазақстан-өзбек кәсіпорындарының өнімдері Еуразиялық одақ елдерінің нарығына кеденсіз қол жеткізе алады. Бұдан басқа, біз бірлесіп өндірілген тауарларды логистикалық орталықтарымыз арқылы Қытай нарығына да, ЕО елдеріне де ілгерілете аламыз», - деп атап өтті Азамат Асқарұлы Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Фаризшох Усмановпен болған кездесуде.

Тараптар екі елдің тауарлары экспортының үшінші елдерге шығуы үшін жаңа нарықтарды бірлесіп игеру, сондай-ақ бірлескен сауда-экономикалық миссияларды, көрмелерді өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

  • 24.02.2021
  • 243
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика