• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы соңғы 3 жылда 2000-ға жуық диқанды қолдады

2022 жылдан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2000-ға жуық фермер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қолдау көрсетті. Ең көп көмек 2024 жылы көрсетіліп, 832 ауыл шаруашылығы өндірушісі мемлекеттік оператордан қолдау алған.

Аграрларды қолдаудың негізгі құралдары ретінде маусымдық дала жұмыстарын форвардтық қаржыландыру бағдарламасы, тауарлық несие беру, соның ішінде тұқымдармен қамтамасыз ету және шағын мен орта фермерлерден артық астықты тікелей сатып алу жүзеге асырылды.

2023-2024 жылдары форвардтық сатып алу және тауарлық несие беру аясында 590 агроөндіруші жеңілдетілген шарттармен 129,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Қызылорда облысындағы күріш өндірушілермен алғаш рет 6 мың тонна күрішті форвардтық қаржыландыру келісімшарттары жасалды.

Фермерлердің астықты кепілдендірілген түрде өткізуін қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы соңғы екі жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алып келеді.

Атап айтқанда, 2023 жылы мемлекеттік оператор аграршылардан 350 мың тонна төмен сапалы бидайды 27 млрд теңгеге сатып алды. Бұл шара ауа райының қолайсыздығынан астық сапасы мен өнімділігі төмендеген жағдайда, қиын жағдайға тап болған ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржылай қолдауға мүмкіндік берді.

Аграршылар алынған қаражатты көктемгі егіс жұмыстарына және өзге де өндірістік қажеттіліктерге жұмсады.

2024 жылдың желтоқсанында мемлекеттік оператор интервенциялық астық сатып алу бағдарламасы аясында бидай жеткізген агроөндірушілерге 3,5 млрд теңге мөлшерінде алғашқы төлемдерді жасады. Алдымен, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы резервіндегі қаражат шағын фермерлік шаруашылықтарға беріліп, олардың рентабельділігін сақтауына көмектесті.

Астық бағдарламаларына қатысу және қаржыландыру бөлу процесінің ашықтығы өңірлік үйлестіру кеңестері арқылы қамтамасыз етіледі.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, аграршыларды қолдау арқылы корпорация тек ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, аграрлық сектордың дамуына жағдай жасайды.

«Мемлекеттік қолдау шаралары агроөнеркәсіп кешені үшін мультипликативтік әсер береді: агроөндірушілердің тұрақты жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне оң әсер етеді. Астықты сатып алу арқылы мемлекеттік резерв жаңартылады. Қажет болған жағдайда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты диірмен, құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарына төмендетілген бағамен ұсынады, бұл азық-түлік бағасын қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Бұл – жүйелі жұмыс», – деді Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшысы.

Мәселен, 2023 жылы әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы диірмен кәсіпорындарына 89 мың тонна бидай жеткізді. Бұл диірмендер 162 млн бөлке әлеуметтік нан өндіру үшін арзандатылған ұнмен наубайханаларды қамтамасыз етті.

Асылхан Джувашевтің айтуынша, ұқсас жүйе бойынша Қытай, АҚШ, Үндістан және басқа да ірі астық импорттаушы және экспорттаушы елдердің мемлекеттік операторлары жұмыс істейді.

«Ірі мемлекеттік корпорациялар фермерлерді қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары арқылы өз елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Геосаяси және климаттық сын-қатерлер жағдайында бұл өте маңызды», – деп түсіндірді басқарма төрағасы.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қоймаларындағы астық көлемі 1,7 млн тоннаны құрайды. Бұл қор Қазақстанның азық-түлік және мал азығы астығына деген ішкі қажеттілігін толықтай өтеп, шетелге тұрақты көлемде астық экспорттауға мүмкіндік береді.

Нарықтағы бағаның тұрақсыз жағдайында мемлекеттік оператор ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін астық қорын сақтауға ерекше назар аударады.

  • 29.01.2025
  • 54
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика