• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. 2024 жылы қала экономикасына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 13%-ға артық.
✔️Елордадағы өнеркәсіп өндірісі 6,7%-дан астам өсім көрсетіп, 2,5 трлн теңгеге жетті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 9,8% өсім қамтамасыз етілді. Елорданың негізгі өнеркәсіптік әлеуеті №1 Индустриалды паркте шоғырланған, оның үлесі елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтың жалпы өндіріс көлемінің 73%-ын құрайды. Елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының даму динамикасын сақтау мақсатында №2 Индустриалды парктің құрылысын жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның бірінші кезеңін 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
✔️Елорданың өндірістік әлеуетін дамыту үшін білікті кадрлар қажет. Бұл сұранысты қанағаттандыру үшін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елорданың 25 колледжінде мемлекеттік тапсырыс екі есе ұлғайтылып, 10 мың студентті қамтыды. Бұл сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік берді.
✅Өткен жылдың басында Астана қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. 2035 жылға қарай тұрғындар санының 2,5 млн адамға дейін артады деп болжанып отыр. Қолайлы мегаполис қалыптастыру мақсатында Бас жоспарға сәйкес алдағы 10 жыл ішінде 120-дан астам мектеп, 170-тен астам балабақша және 50-ден аса денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр.
✅Сол сияқты Бас жоспарға сәйкес жаңа жылу көздерін, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан су құбыры желісімен бірге сорғы-сүзгі станциясын және кәріздік тазарту құрылғыларын, электр желілеріне жүктемені азайтатын кіші станцияларды және т.б. салу қарастырылған. Жобалардың басым бөлігі алдағы 3-5 жылда іске асырылатын болады. Бұл қалаға инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тұрақты қорын 2035-2040 жылдарға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
✅2024 жылдың желтоқсанында Көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілді. Елордада автомобиль трафигінің өсуі аясында қоғамдық көлікті дамытуға, жолдарда қозғалысты жылдамдатуға, жаңа көпірлер салуға, көлік тұрағы орындарының жұмысын, қауіпсіз және жайлы жаяу жүргіншілер ортасын жетілдіруге баса назар аударылды.

Екі жыл ішінде елорданың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды, Бұл бағыттағы жұмыс жалғап жатыр. Сондай-ақ, ЛРТ жобасы аяқталуға жақындап қалды.  Құрылыс жұмысы аяқталуда. Қыркүйекке таман алғашқы поездар келеді, содан кейін сынақ жүргізіледі.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елорданың заманауи, қолайлы және экологиялық келбетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, қоғамдық кеңістіктер мен көгаландыруды дамыту схемасы қабылданды. Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының қаланың орнықты әлеуметтік – экономикалық дамыуна қол жеткізуге және негізгі салаларда өсу қарқынын сақтауға бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғыстырады.  

  • 30.01.2025
  • 71
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика